1 адам қаза тауып, 11 адам жарақат алды: Алматы облысында автобус пен жүк көлігі соқтығысты
Алматы маңында автобус пен жүк көлігі соқтығысып, 36 жастағы ер адам қаза тапты. Сонымен қатар 11 адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Аймақ полициясының мәліметінше, жолаушылар автобусының қатысқан жол апаты Жамбыл ауданындағы Жаңақұрылыс ауылында 21 маусымға қараған түні болған.
Анықталғандай Van Hool маркалы автобустың 43 жастағы жүргізушісі Алматы-Бішкек тасжолының 55 шақырымында тізгінге ие бола алмай, КамАЗ көлігімен соғылған.
"Жол апатынан автобустың екінші жүргізушісі 36 жастағы ер адам мерт болды. Жақын маңдағы үш медициналық мекемеге түрлі жарақат алған 11 адам жеткізілді, олардың біреуі бала", – делінген Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі ұсынған хабарламада.
Қазір анықтау басқармасы қылмыстық тергеу жүргізіп жатыр.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар