70 жыл бірге өмір сүрген ерлі-зайыпты бір күнде көз жұмды

АҚШ-та 70 жыл бірге өмір сүрген ерлі-зайыпты бір күнде, небәрі 9 сағат айырмашылықпен көз жұмды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі WSMV порталына сілтеме жасап хабарлайды.
93 жастағы Джон Трайс пен оның 91 жастағы жары Элис өмірден бір-біріне өте жақын уақытта өткен. Джон 9 сәуір күні шамамен түскі бірде қайтыс болса, Элис сол күні кешкі сағат 10-да көз жұмған.
Олар 70 жыл бірге болған. Өмірінің соңғы сәттерін 60 жыл бірге тұрған өз үйлерінде өткізген. Олардың қызы Анджела ата-анасының Грин-Хиллзде өткен би кешінде танысып, содан бері ажырамағанын айтады.
"Олар бір-бірінсіз өмір сүргісі келмейтін. Тіпті бұған мәжбүр болмады да", — дейді ол.
Анджеланың айтуынша, ұзақ әрі бақытты некенің сыры қарапайым болған.
"Әкем әрдайым құдайды бірінші орынға қойып, бір-біріңнің қасыңда болыңдар дейтін", – деді ол.
Достары мен туыстары бұл жағдайға таңғалмаған. Себебі ерлі-зайыпты өмір бойы ажырамаған күйі өмірден де бірге өткен.
Таиландқа демалуға барған қазақстандық әйел босанып қалған: Баласының еміне күніне 740 мың теңге қажет
Оқыңыз