Тоқаев Трампты "Артемида-2" миссиясының аяқталуымен құттықтады

Фото: Ақорда/Myung J. Chun / Los Angeles Times via Getty Images
11 сәуірде президент Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трампты "Артемида- 2" миссиясының сәтті аяқталуымен құттықтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Мемлекет басшысы АҚШ президентіне жарты ғасырдан бері Айға алғашқы адам миссиясын жүзеге асырған және ғарышты игерудегі жаңа тарихи кезеңді белгілеген "Артемида-2" миссиясының сәтті аяқталуына байланысты құттықтау хатын жолдады.
"Президент білім көкжиегін кеңейтетін және бүкіл әлемдегі ғалымдардың, инженерлердің және зерттеушілердің жаңа буыны үшін шабыт көзі болғн американдық ғылымның серпінді жетістіктерін жоғары бағалады", - делінген мәлімдемеде.
Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трампқа "Артемис" бағдарламасын және басқа да ғарыштық бастамаларды жүзеге асыруда табыс тіледі.
"Баламды аман қайтарыңдаршы": Ресейге жұмысқа барып, соғыс ортасынан бір-ақ шыққан қазақстандықтардың жақындары министрлікке жиналды
Бірі ұлынан бес күн бұрын хабар алған, енді бірі баласының бірінші шепке жіберілетінін айтады
Бір аптада жүріп-тұрудан әрі сөйлеуден қалған: Қазақстандық қыз қызылша салдарынан ауыр дертке шалдықты
Анасының айтуынша, қызы қызылшаға қарсы екпені бір жасында және алты жасында алған