Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Құр сүлдеңді қапсырып жылап едім": Серікзат Дүйсенғазы марқұм ұлының соңғы видеосын жариялады

Ақын, сазгер “Құрмет” орденінің иегері Серікзат Дүйсенғазыұлы Әлиханның жылдық асын берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Былтыр ақынның ұлы шаңғы тебуге барып, мерт болған еді. 

“Алла жазса, Әлиханымның жылдық асын береміз. Соңғы ресми жиыны ғой. Бүгін дүниеден өткен күні еді. Бір жыл қазақтың дәстүрімен құлынымды жоқтадым. Сол күні Елікті таудың басында жылап тұрып жазған өлеңімді сіздермен бөлісіп отырмын. Бұдан кейін жоқтау өлең салмаймын. Өйткені енді оның екінші рухани өмірі басталды. Кеудемде жаным барда балапанымның атын өшірмеймін. Тек балам туралы жақсы жаңалықтар жазамын деп шештім. Мына видеода Әлихан марқұмның таудан соңғы сырғанап түскенде түсірілген бейнесі еді. Жаның жәннатта болсын, жарығым!

Ақынның әріптестері мен оқырмандары қабырғасын қайыстырған қазаға көңіл айтып жатыр. 

Еске салайық, ақын қазан айында ұлды болып, Әлімхан деп ат қойған еді. Бұл туралы ақынның өзі былай деді: 

Құлағам жоқ, қайғыдан теңселгенмен,
Жылағам жоқ, егілдім кемсеңдеумен.
Аспанымда бір жұлдыз шырақ жақты,
Көтерілмей жүргенде еңсем жерден.
Құдай өзі көгертіп сепкен дәнді,
Тамырымда қозғады кепкен қанды.
Қақ айрылған жүректі қайта жамап,
Тағдыр шығар тұрғызған шөккен нарды.
Өтті осылай болған жыл күнім түнек,
Бүкіл қазақ мен үшін бір ұл тілеп.
Енді отырмын ұлт болып сұрап алған,
Ұлу жылы ұлыма ғұмыр тілеп!  

 

Талқылау