Әсел Сәдуақасоваға сырға салды
Құрбыларын жинап қызойнақ өткізген актриса Әсел Сәдуақасованың сырға салу рәсімі өтті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Күйеуімен некесін заңдастырып, тойға дайындалып жүрген өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында өзіне сырға салғанын айтты.
“Сәлем, жандарым! Бүгін бізде маңызды күн – сырға салу. Құттықтауларыңызды қабылдаймын. Сырға салу рәсімі көңілді өтіп жатыр”, – деп жазды Әсел Сәдуақасова.
Актрисаның желіге жүктеген видеосынан қалыңдықтың қолынан екі жеңгесі демеп, құдағилардың алдына апарғанын көруге болады. Салт-дәстүрге сай күйеу жігіттің туыстары қалыңдықтың құлағына сырға тақты.
Әсел Сәдуақасова оқырманына сырғасын да көрсетіп үлгерді.

Бұған дейін актрисаның жақын құрбыларының басын қосып, қызойнақ жасағаны жайлы жазған болатынбыз.
Қазақстандық дәрігерлер Республика күніне сыйақы берілмегеніне жаппай наразы болды: Сыйақыны кімдер алады
Сонымен қатар қолданушылар медицина қызметкерлерінің жалақысы мен әлеуметтік жағдайын жақсарту қажеттігін көтерген
Зейнетақы жинағын аннуитетке аудару тиімді ме, әлде БЖЗҚ-да қалдырған дұрыс па? Сарапшы түсіндірді
Қазақстандықтарға зейнетақы жинағын сақтандыруға асыққан жөн