Үнді әніне пародия жасаған Мейрамбек Бесбаев тыңдармандарын күлкіге қарық қылды (видео)
Мейрамбек Бесбаев әйгілі үнді фильміндегі әнге пародия жасап, тыңдармандарын күлкіге қарық қылды, деп хабарлайды Stan.kz.
Жұрт Мейрамбекті байсалды образда көріп үйренген. Сондықтан да болар үнемі ел назарынан тыс қалмайтын әншінің бұл қылығы көпшілікті таңғалдырды.
Десе де Мейрамбек Бесбаев өзінің тамаша актер екенін баяғыда-ақ дәлелдеп қойған. “Алғашқы махаббат”, “Ғажық жүрек” фильмдеріндегі образы мен “Шаншар” театрындағы Қошанның рөлі ел есінде.
Бұл жолы танымал әнші үндінің әйгілі «Хасете-хасете» әніне пародия жасады.
“Күшті, адамның жүзінде еріксіз жымию пайда болады екен”, “Нағыз үнді актері болдың Мейрамбек”, “Индияның жігіті Метхун болса, қазақтың Метхуны – Мейрамбек”, “Керемет, сізге жарасады, актерлық шеберлігіңіз де керемет”, – деп пікір білдірді желі оқырмандары.
Жіберіп алмаңыз:
Ділназ Ахмадиева отбасылы еркекті сүйіп қалғанын ашып айтты
Кәмшат Жолдыбаева “әншілер нанымызды тартып жеп жүр” деген журналистердің әлсіз маман екенін айтты
Мейрамбек Беспаев жастық шағын сағынып жүргенін айтты (фото)
Қайрат Нұртас өтініп сұраған тыңдармандарына тегін билет таратқан