Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қайрат Нұртас өтініп сұраған тыңдармандарына тегін билет таратқан

Қайрат Нұртас кезекті концертінің билеттерін өзі сатуда. Бұл билетті өткізудің оңтайлы тәсілі ме әлде жұлдыздың халыққа жақын бола түскісі келгені ме? Аталған сауалға әншінің өзі жауап берді.

14726244_1485744141444372_6269970091094310912_n

Фото: instagram.com/kair_n/?hl=ru

Бұл туралы Астана арнасының “Ел аузында” бағдарламасында айтылды.

“Бір күні базарда жүруім мүмкін. Мәселе бұл жерде қарапайымдылықта емес. Өнер адамының өзін-өзі ұмыттырмас үшін жасап жатқан ерекше істерінің бірі. Жұлдыздың осылай жүргені адамға қызық қой. Сол себепті жасалып жатқан дүние”, – дейді Қайрат Нұртас.

Қайраттың айтуынша, бұл қосымша табыс көзі емес. Керісінше өтініп келген тыңдармандарына ол өз қалтасын билет сатып алып беріп жатыр екен.

“Қайырымдылық мақсатта таратылатын билеттер болады. Негізі бұл кештен маған ешқандай пайда түсейін деп жатқан жоқ. Керісінше қаншама ақшамды төктім. Өте көп ақша кетіп қалды. Көбісі “Концер беріп жатыр, билет сатып жатыр. Одан түскен ақшаның барлығын не істейді” деп ойлайды. Маған ол ақша жетпейді. Өйткені бір сахнаның өзі қаншама ақша?! Оған бір билеттің ақшасы жетпейді”, – дейді Қайрат Нұртас.

Әншілер табыс таппағандықтан, ақшаны тойдан алады. Қайрат Нұртасты тек тойда тірідей тамашалап үйренген жанкүйерлер оның кассада тұрғанын көріп, қуаныштан жүректері жарыла жаздады. Сол күні 7 жастағы баладан 70-тегі қарияға дейін касса алдында болды. Әсіресе, қыздар жағы Қайратпен суретке түсуге таласып әлек.


Жіберіп алмаңыз:

Eaglez-дар көптен күткен Ninety one тобының бейнебаяны жарыққа шықты (видео)

Гүлзира Айдарбекова: «Гүл құшақтағанша немереңді құшақтамайсың ба?» деп айтқандар болды

Асхат Садырбай «Мисс Қазақстан» байқауына қарсы шықты

Оқырмандар саны 1 миллионға жеткен Исабекова Instagram парақшасын сатылымға шығарды

Талқылау