Қазақстанның екі өңірінде құрғақшылық болады
Қазгидромет құрғақшылық бойынша шілде айына болжам жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Синоптиктер мәліметінше, шілдеде Қазақстанның басым бөлігінде ылғалдылық негізінен нормаға жақын болады деп күтіліп отыр.
Күтілетін орташа құрғақшылық:
- Ақмола облысының Жарқайың ауданында,
- Қостанай облысы Жангелді ауданында,
- Ақтөбе облысының Әйтеке би, Ырғыз аудандарында,
- Қарағанды облысының Шет және Ақтоғай аудандарында,
- Түркістан облысының Қазығұрт, Шардара, Отырар аудандарында.
"Қызылорда облысының Қармақшы ауданында және Қостанай облысының Амангелді ауданында қатты құрғақшылық болуы мүмкін. Солтүстік Қазақстан облысының Есіл ауданында, Петропавлда және Батыс Қазақстанның Қазталов ауданында қалыпты ылғалды ауа райы күтіледі", - делінген хабарламада.

Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"