Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жол апатынан жадын жоғалтқан әйел күйеуіне екінші рет тұрмысқа шыққан

ерлі-зайыпты
Фото: magnific.com

Малайзияда әйел жол апатынан кейін жадын жоғалтып, күйеуіне қайта тұрмысқа шыққан. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі AsiaOne басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Апат шамамен сегіз жыл бұрын болған. Әйел күйеуін де, өз балаларын да ұмытып қалған. Алайда ер адам әйеліне тосынсый жасап, екеуіне қайтадан үйлену тойын ұйымдастырған. Бұл салтанатты рәсімді ұйымдастыруға олардың екі ұлы көмектескен.

Ерлі-зайыптылар бірдей ұлттық киім киіп, үйге бірге кірген. Оларды балалары қарсы алып, гүл күлтелерін шашқан. Әйелі қатты толқып, көзіне жас алған сәтте күйеуі оның саусағына неке жүзігін тағып, олар екінші рет ерлі-зайыпты атанды.

"Мен күйеу таңдауда қателеспеген екенмін", – деді ол TikTok-та жарияланған видеода.

 Әйелдің айтуынша, осы жылдар бойы жанында қалғаны үшін жұбайына ризашылығын білдірді.

Айым Болатқызы
Жексенбі, 10 Мамыр, 2026 20:33