Германиялықтар Ирандағы соғыстың салдарынан көліктерінен жаппай бас тартып жатыр

Германия халқы соңғы уақытта жекесеншік көліктерін сирек пайдаланып, велосипед пен қоғамдық көлікті жиі пайдаланып жүр. Оған Иранмен соғысқа байланысты жанармай бағасының қымбаттауы себеп болған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Deutsche Welle порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Жергілікті тұрғындарының жартысы дерлік АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы соғысының салдарынан жанармай бағасы күрт өскеннен кейін рөлге отыруы сиреген. Бұл туралы Verivox порталының тапсырысымен жүргізілген сауалнамадан кейін белгілі болды.
Сауалнамаға қатысқандардың 48%-ы жанармай қымбаттағандықтан көлікті аз пайдаланатынын айтқан. Нәтижесіне сәйкес, германиялықтардың 29%-ы автокөліктен велосипедке көшсе, 24%-ы қоғамдық көлікті жиі қолдана бастаған.
“7 мамырда Германияда жанармай мен дизель бағасы наурыз айының басынан бері ең төменгі деңгейге түсті. Бұған дейін Иранмен соғыс салдарынан әлемдегі маңызды мұнай жолдарының бірі саналатын Ормуз бұғазында кеме қатынасы тоқтаған еді. Мысалы, 7 мамыр күні Германиядағы жанармай бекеттерінде E10 бензинінің орташа бағасы литріне 1,984 еуро, ал дизель отыны 2,025 еуро болған. Бағаның төмендеуіне әлемдік нарықтағы мұнай құнының арзандауы және Германия үкіметі мамыр айының басында енгізген "жанармай жеңілдігі" әсер етті”, – деп хабарлады Жалпыгерманиялық автомобиль клубы.
Сауалнамаға қатысқандардың 67%-ы бағаның өсуіне байланысты энергияны үнемдеп пайдалана бастағанын айтқан. Немістердің 56%-ы пайдаланылмай тұрған электр құрылғыларын күту режимінде қалдырмай, толық өшіретін болған.
Сонымен қатар респонденттердің 55%-ы үйлеріндегі жылыту құрылғыларының қуатын азайтқан, 52%-ы электр энергиясын тұтынуды қысқартқан, ал 47%-ы ыстық суды үнемдей бастаған.
ОқыңызСауалнамаға қатысқандардың 27%-ы энергияны үнемдемейтінін айтқан. Алайда олардың басым бөлігі, яғни 52 %-ы бұған дейін де үнемдеп өмір сүргенін және өзін одан әрі шектей алмайтынын жеткізген.
Бұған дейін энергетика вице-министрі қазақстандықтарға АИ-92 бензині бағасының өсетіні туралы ескерткен еді. Қазақстанда 1 сәуірде АИ-92 бензині мен жазғы дизель отынының бөлшек бағасын көтеруге қойылған мораторий аяқталды.
Есімхановтың айтуынша, АИ-92 мен дизель бағасы көрші елдермен салыстырғанда біртіндеп өсуі мүмкін. Бірақ бірден қымбаттамайды.
“Екіншіден, көтерме бағалардың қалай қалыптасатынын ескеру керек. Себебі Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі артық пайда мен басқа да жайттарды бақылауда ұстап отыр. Сондықтан мен және әріптестерім жанар-жағармайдың бөлшек бағасы күрт өспейтінін сеніммен айта аламыз. Нарықтық өсім болуы мүмкін. Себебі көрші елдерде отын бағасы әлдеқайда жоғары. Сондықтан баға біртіндеп өсуі ықтимал. Бірақ күрт өсім болмайды”, – деді Есімханов.
Рейхстагқа ту тіккен Рахымжан Қошқарбаев па, әлде тарихи шындық бұрмаланды ма?