Зиятхан Гасанов коронавирустан қайтыс болды
"Абди Ибрагим Глобал Фарм" компаниясының бас директоры Зиятхан Гасанов қайтыс болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі мемлекеттік комиссияның жедел штабына сілтеме жасап.

"Ол дәрігерлерге және қазақстандықтарға коронавирус инфекциясымен күресте алғашқылардың бірі болып көмектесті және өкінішке орай, ол осы қауіпті аурудың құрбанына айналды", - деп хабарланды жедел штабтың Telegram арнасында.
"Зиятхан Ахметұлы өз саласының мықты маманы, ол еліміздегі фармацевтика саласының дамуына үлкен үлес қосты. Сонымен қатар, жаһандық бақытсыздықтарға бей-жай қарамайтын бұл адам елге өзінің барлық күшімен COVID-19 күресуге көмектесті. Медицина қызметкерлеріне көмектесіп, ККБТУ аумақтық департаменттеріне жеке қорғаныс құралдарын тегін жеткізді", - делінген ресми хабарламада.
"Абди Ибрахим Глобал Фарм" - түрік-қазақ бірлескен кәсіпорны. Компания Алматы облысында дәрі-дәрмек өндіретін зауытқа ие.
Балалар құсып, іші өтіп жатыр: Қазақстанда инфекция таралып жатыр ма?
Мамандар әзірге ауру жаппай өршіді деуге негіз жоқ екенін айтады
"Шай құймаймын, бір рет те тамақ пісірмедім": Түрікке тұрмысқа шыққан қазақ қызы енесімен қарым-қатынасы туралы айтты
Дина: “Күйеуім Алматыдан үй алуыма көмектесіп, ауырғанда жанымнан табылды”