Жұрт алдында Құранды өртеп жіберген: Швеция көшелерінде жаппай наразылық болып жатыр

Исламға қарсы белсенділер Құранды өртегеннен кейін Швецияның Мальме қаласында тәртіпсіздіктер басталды. Бұған жауап ретінде бірнеше жүз адам қала көшелеріне шығып, жол қозғалысын жауып, наразылық білдірушілер шиналар мен қоқыс тастайтын орынды жағып жіберді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

құран

STV телеарнасының хабарлауынша, тәртіпсіздіктер 28 тамыз, жұма күні кешке басталып, түні бойы жалғасқан. Демонстранттар тәртіп сақшыларына тас, бөтелке лақтырды. Сондай-ақ, ашынған адамдар құқыққорғаушылар мен құтқарушылардың бірнеше машиналарын жарамсыз етті. 

Арнаның мәліметінше, 20-ға жуық адам ұсталды. Бірнеше полиция қызметкері жеңіл жарақат алды.


"Бүкіл ауданда шу. Жағдайды бақылауға ала алмай жатырмыз. Осыған алаңдаймыз", - деді жергілікті полицияның өкілі Рикард Лундквист.

Тәртіпсіздіктерге жергілікті биліктің тыйымдарына қарамастан, мальмадағы Ислам орталығының алдында Данияның "қатаң курс" оңшыл экстремистік партиясының жетекшісі Рамус Полуданның Құранды көпшілік алдында өртеуі себеп болды. Белсенділер өз әрекеттерін видеоға түсіріп, оны әлеуметтік желілерге жүктеген. Осыдан кейін көшеге жүздеген адам наразылық білдіріп шыққан. 

 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр