Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Жұмысқа бара жатып, туыстарыммен қоштасып кетемін": Өрт сөндірушілер аз жалақы мен жұмыстағы қиындықтарына шағымдануда

Жыл басынан бері елімізде 7,5 мыңнан астам өрт болды. Оларда 250-ден астам адам мерт болған, одан бөлек, көп адам зардап шекті. Құтқарушылар өрт басталғаннан кейін 5-6 минуттан кейін адам өлімі орын алады дейді. Мұндайда әрбір секунд санаулы. 

Жұмысқа кетіп бара жатып, туыстарыммен қоштасып кетемін, дейді өрт сөндірушілердің бірі Астана арнасына берген сұхбатында. Жалақының төмендігі мен қауіптің жоғары болуына байланысты кадрлар үнемі жетіспейді екен. Осыған ұқсас жағдай еліміздің басқа өңірлерінде де орын алуда. 

“Туыстарым өрт шыққан жерге аттанған сайын уайымдайды. Мен әдетте қоштасып кетемін. Жалақы мөлшері адамдардың өмірі мен өлімімен салыстыруға келмейді. Біз әркез адамдарды құтқару арқылы өмірімізді қатерге тігеміз”, – дейді Нұр-сұлтан қаласы №4 МӨСБ бөлімше командирі Азамат Рахымжанов.

Демек, кадр тапшылығы осыдан келіп шығады. Тек осы бөлімшенің өзінде 10-ға жуық құтқарушы жетіспейді. Осыған ұқсас жағдай бүкіл ел бойынша орнап отыр. Нәтижесінде, Қазақстандағы әрбір 36-шы өрт адамдардың өліммен аяқталады.


"Ұлы әкесінің жолын қуады": Жамбыл облысында мерт болған өрт сөндіру қызметкерінің жұбайы күйеуімен соңғы әңгімесі, естеліктері жайлы айтты 


Салыстыратын болсақ, АҚШ-та бір адамға 360 өрт келеді. Ұлыбританияда бұл көрсеткіш 14 есе, Францияда 27 есе аз. Сонымен қатар өрт көбінесе жеке секторда болады. Ең көп өрт Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Шығыс Қазақстан және Қостанай облыстарында болады. Онда қаза болғандардың саны елдегі орташа көрсеткіштен 3 есе көп.  

ҚР Төтенше жағдайлар министрі Юрий Иьин 24 мыңға жуық тұрғын үйде 56 мың өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу анықталғанын алға тартады.

“Олардың 26 мыңнан астамы сол жерде ауыздықталды. Биылғы жылдың соңына дейін 1,5 млн астам жеке тұрғын үйді аралау жоспарланған”, – дейді ол.

Талқылау