Жұмысынан айырылған қазақстандықтар мемлекеттен әлеуметтік жәрдемақы ала алады
Жұмыссыз қалған қазақстандықтар жұмысынан айырылуына байланысты мемлекеттен әлеуметтік жәрдемақы ала алады. Бұл туралы өзінің Facebook-тегі парақшасында еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Нариман Мұқышев жазды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Оның сөзінше, цифрлық даму министрлігі еңбек министрлігімен бірге жұмыспен қамту бағдарламасын цифрландыру туралы шешім қабылдап жатыр. Атап айтқанда, "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасын және жалпы жұмыспен қамту саласын цифрландыру.
"Мұның бәрі egov.kz сайтындағы "Жұмыс іздеуші тұлғаларды тіркеу" қызметінен басталады, "Жұмысқа орналастыру және жұмыспен қамту" бөлімінде. Тіркелген кезде азамат өзінің жұмыссыз екендігі және мемлекеттің жаңа жұмыс табуға көмектесуін қалайтыны туралы хабарлайды. Бұдан әрі әдеттегідей enbek.kz-тен жұмыс іздеу керек. Егер кенеттен қандай да бір себеппен жұмыс табылмаса, онда азаматқа қашықтықтан жұмыссыз мәртебесі беріледі, бұл жұмыстан айырылуына байланысты әлеуметтік төлем алуға құқық береді", - деп жазды вице - министр.
Қазақстандықтарға лайықты жұмыс табу үшін азаматтарға орталықта мемлекет есебінен сұранысқа ие мамандықтар бойынша қайта оқу мүмкіндігі беріледі.
Электрондық еңбек биржасында цифрлық форматта қазақстандықтарға келесі қызметтер қолжетімді болады:
- Қоғамдық жұмыстар (әлеуметтік бағыттағы жұмыссыздар үшін уақытша жұмыспен қамту);
- Жастар практикасы (алған мамандығы бойынша бастапқы жұмыс тәжірибесін алу);
- Әлеуметтік жұмыс орындары (жұмыс беруші жұмыссыздар үшін олардың жалақысын субсидиялай отырып құрған жұмыс орындары);
- "Бастау Бизнес" жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту;
- Микрокредит беру;
- Қысқа мерзімді кәсіптік оқытуды ұйымдастыру (еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіптер мен дағдылар бойынша даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру);
- Еңбек ресурстарының ұтқырлығы (азаматтарды жұмысқа орналастыру немесе мемлекет субсидиялайтын істі ашу үшін жаңа тұрғылықты жерге ерікті түрде көшіру).
Ведомствода электронды еңбек биржасы қызметінінің аудармасын жыл соңына дейін аяқтауды жоспарлап отыр