Жұлдыз Өмірғали "Алматы" телеарнасы "Таңғы студио" бағдарламасының жүргізушісі болды
Әнші Жұлдыз Өмірғали "Алматы" телеарнасы "Таңғы студио" бағдарламасының жүргізушісі болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Almatytv арнасына сілтеп хабарлайды.

Жұлдыз бұған дейін жүргізуші болып көрмеген. Ол үшін "Таңғы студио" бағдарламасының жүргізушілік тізгінін қолға алу ерекше тәжірибе болмақшы.
"Карантин кезінде кеш ұйықтап, күн тәртібім өзгеріп еді. Енді күн сайын таңертең "Таңғы студиоға" келемін, күн тәртібім өзгерді. Осыған дейін онлайн режимінде дикторлық курстан өттім. Әрине, үйренерім әлі көп. Дегенмен, бағдарламаны жақсы жүргізіп, ұжымның көңілін қалдырмас үшін барымды саламын. Күн сайын "Таңғы студионы" көріңіздер" - дейді Жұлдыз Өмірғали.
"Таңғы студио" бағдарламасын елімізге танымал азаматтар жүргізеді. Тәуекел Мүсілім, Бауыржан Сатов, Гүлнұр Дусматова, Данияр Батырбаев, Перизат Алпыс, Жан Байжанбаев пен Дарья Александрова сияқты жұлдыздардың қатарына Жұлдыз Өмірғали да қосылды
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"