Жұлдыз Әбдікәрімова: Жұлдыздың әйелдері ел ойлағандай дайынға топ етіп келмейді
Қайрат Нұртастың әйелі Жұлдыз Әбдікәрімова сұхбат барысында өз өмірінен сыр шертті. Жұлдыздың жары болу оңай емес дейді ол. Бұл туралы “Таңғы студия” бағдарламасында айтты.
Жұлдыз Әбдікәрімова отбасы, денаулығы мен жұмысы жайында айтты.
4 баланың анасы “Әлем ханымы” атағын алып үлгерген. Театрда актриса, бағдарлама жүргізушісі қызметін қатар алып жүр. Әңгіме барысында жұлдыздың жары болу туралы ойын айтты.
“Жұлдыздың жары болу оңай емес. Көпшілік ойлағандай олар дайынға топ етіп түсе салмайды. Бәрі уақытпен келеді. Өнер адамдарының жары дайында өмір сүріп жатыр. Рахат өмір деп ойлайтындар бар. Шындығында, бар ауыртпалықты көретіндер солар. Сондықтан да мен осыны түсініп, жұлдыздардың жарларымен сұхбаттасамын. Ал осы өмірге дейінгі түйгенімді кітап етіп жаздым. Бұл өз тәжірибем”, – дейді актриса.
Жұлдыз Әбдікәрімов вакцинаға қатысты өз пікірін айта кетті.
“Екпе туралы небір алып-қашпа әңгіме тарады. Бірақ мен алдырған жоқпын. Себебі, ем алып жүрдім. Екпе алу үшін денсаулығыңда кінәрат болмау керек. Екпені көтере алу керек. Сондықтан қосымша ем қабылдадым”, – деді актриса.
Айта кетейік, соңғы кездері Жұлдыз Әбдікәрімова мен Қайрат Нұртас ажырасты деген әңгіме желіде жиі айтылып жүр. Ақпаратты әншінің анасы растады. Көпшілік олардың екі жаққа кетуіне не себеп болғанын сұрап әлек. Бұған қатысты әншінің өзі де, жары да жауап берген жоқ.