Жұбаныш Жексенұлы Америкаға кететінін мәлімдеді
Белгілі әнші Жұбаныш Жексенұлы “1001 түн” бағдарламасында берген сұхбатында жақын арада АҚШ-қа кететінін айтты деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

©instagram.com/zhubanish_zheksenuly
“Тарихта алғаш рет Америка жерінде Наурыз тойы тойланбақ. Соған орай шақырту алдым. Елдің атынан барып, Америкада Наурыз тойлаудың өзі әрбір әртіс үшін мәртебе шығар деп ойлаймын”, – дейді өнер иесі.
Сондай-ақ әнші бағдарлама жүргізушісінің отбасылық өміріне қатысты қойған сұрағын да жауапсыз қалдырмады. “Қандай қайын атасыз?” деген сауалға Жұбаныш Жексенұлы: “Менің бір емес, екі келінім бар. Өзім туралы “осындай қайын атамын” деп айтқаным ыңғайсыз болар. Екі келінімді де өте жақсы көремін. Біз кез келген толқында сөйлесе алатын адамдармыз. Мен атадан бұрын оларға әкемін. Формалды түрде қайын атасы болғаныммен, оларға әкесіндеймін”, – деп жауап берді ол.
"Әскерден келген соң үйленеміз деп еді": Каспийде қаза тапқан сарбаздардың жақындары жанайқайын жеткізді
Жанардың айтуынша, отбасы Олжасты қуанышпен күтіп отырған
"Алдымен үйленейік, кейін Сирияға барайық": Бейтаныс адамдар әлеуметтік желі арқылы қазақстандықтарды қалай арбайды
Әлеуметтік желіде ер адамға Сирияға барып соғысуды ұсынған