Журналист Динара Сатжан жаңа бағдарламасына ресейлік тележүргізуші Собчакты шақырды
Қазақстандық журналист Динара Сатжан жаңадан басталған "Late night show with Dinara Satzhan” бағдарламасының алғашқы қонағы ретінде ресейлік тележүргізуші Ксения Собчакты шақырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Динара Сатжанның Instagram парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: Бейнеден алынды
Ксения Собчактың қазақстандық шоу бағдарламаға келуі желі қолданушылары арасында дау тудыруда.
"Өзіміздің қазақ зиялыларымен, не Президентпен сұхбат болғанда ғой. Шіркін-ай!", "Путинді де шақырсаңыз керемет болар еді", “Собчак соғысты қолдаса, ештеңе етпей ме? Басқаларын тоқтатты, ал оны жоқ”, "Собчакты Юрий Дудьпен салыстыруға келмейді. Собчак тек агрессивті шабуыл жасауды біледі және тек өзінің көзқарасын дұрыс деп санайды. Собчак журналист және сұхбат беруші ретінде орташа деңгейде. Ол хайптың арқасында ғана жақсы рейтингтерге ие болуда", – деді пікір білдірушілер.
"Әскерден келген соң үйленеміз деп еді": Каспийде қаза тапқан сарбаздардың жақындары жанайқайын жеткізді
Жанардың айтуынша, отбасы Олжасты қуанышпен күтіп отырған
"Алдымен үйленейік, кейін Сирияға барайық": Бейтаныс адамдар әлеуметтік желі арқылы қазақстандықтарды қалай арбайды
Әлеуметтік желіде ер адамға Сирияға барып соғысуды ұсынған