Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Журналист: Айнұр Тұрсынбаева шынымен айдың нұры ма, әлде елді тонаған ұры ма

Журналист Арман Сқабыл айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаеваны сынға алды. Оған айтыскердің ақылы тренинг дәрістері себеп болды.

Журналист: Айнұр Тұрсынбаева шынымен айдың нұры ма, әлде елді тонаған ұры ма

Арман Сқабылұлы бұл тізімге Құралай ханым, Сара Тоқтамысова, Кәмшат Бекжігітованы да жатқызды. Ел індетпен күресіп жатқанда халықтың ақшасын жымқырып жатыр деп айыптады.

"Айнұр Тұрсынбаеваның елді алдап, ақша тауып жүрген әрекетін "мародерлік" дер едім. Интернетте бұл әулиелердің жарнамаларынан көп дүние жоқ. Қиын сәтте елдің "ыбырайы" көмек қолын созса, бұл сұмырайлар керісінше елін тонауда. Мұның соңы жақсы болмайды. Соны ұмытпаңдар, "әулиелер", - деп жазды Арман Сқабыл желідегі парақшада

Арман Сқабылұлының парақшасындағы жазбасынын кейін Stan.kz тілшісі Сара Тоқтамысованың уәжін тыңдау үшін директорына хабарласты, дегенмен қазір психологиямен айналысып жүрген танымал айтыскер ақынның өкілі өзімізге дүрсе қоя берді. 

"Сара ондай адамдарға басын қатырмайды. Арман өзінің тілі үшін Алланың алдында жауап береді. Ондайдарды қатын-еркек дейді. Ол Сараның, Айнұрдың бала-шағасын бағып отырған жоқ. Қазір айтыс та, басқа табыс көзі де жоқ. Арман Сқабылұлы деген кім ол? Танымайды оны Сара. Онымен Сараның басқа адамдары сөйлесіп алады", - деді коучтың Есіл есімді директоры.

Талқылау