Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жүргізуші ұялы телефонға алаңдаған: Оралда жол апатынан 17 жастағы мопед жолаушысы көз жұмды

Оралда микроавтобус жүргізушісі ұялы телефонға қараймын деп жол апатына ұшырады. Апаттан мопедте отырған жолаушы көз жұмды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Мой город" порталына сілтеме жасап. 

Түрлі жарақат алған тағы төрт адам ауруханаға түсті. Қайғылы оқиға 26 маусымға қараған түні Шолохов және Құрманғалиев көшелерінің қиылысында орын алды. БҚО полиция департаментінің хабарлауынша, Toyota микроавтобусы бір орында тұрған Scooter-мен (жүргізушіден бөлек, 17 жастағы жолаушы болған) және ВАЗ-2110 автокөлігімен соғысқан. Екінші көлікте жүргізушіден бөлек, үш жолаушы бар еді. 

Жол-көлік оқиғасы нәтижесінде бес адам ауруханаға жеткізілді. Скутер жолаушысы – 17 жастағы жасөспірім жан сақтау бөлімінде көз жұмды. Скутер жүргізушісі түрлі жарақатпен ауруханаға түссе, жеңіл көлік жолаушылары дәрігерлердің қарауынан кейін үйлеріне қайтарылды. 
Медициналық сараптама нәтижесі бойынша, микроавтобус жүргізушісі сау болған. Болжам бойынша, микроавтобус жүргізушісі қозғалыс барысында ұялы телефонға қараған. 



Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабы ("Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы") бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Қажетті сараптамалар тағайындалды. 

Талқылау