“Жүрегім ауырып тұр”: Қайрат Нұртас Саят Медеуовке шипа тіледі
Қайрат Нұртас Саят Медеуовке шипа тілеп, тілектестік білдірді. Әнші әріптес ағасына дұға етті.
Саят Медеуовтің жол апатына түсіп, аурухананың жансақтау бөлімінде жатқаны мәлім болды. Әншінің қазіргі жағдайы белгісіз.
“Ағатайым, Алла шипасын берсін. Мына жаңалықты естіп жүрегім ауырып тұр. Ағатайым, сап-сау боп арамызға қосылуыңызды Алла нәсіп етсін” – деп жазды әнші інісі.
Бұған дейін Ақбота Керімбекова халықтан дұға етуді сұраған еді.
“Саят ұлдарыңыз жол апатына түсіп, ауыр жарақаттанып, жанымызды шүберекке түйіп отырмыз. Алладан амандығын тілеп қойыңыздаршы, ағайын”, – деп жазды Керімбекова.
“Әмин, Саят ағамыз өте керемет жан ғой. Алла Тағала шипасын берсін, әмин”, “Біздің де жүрегіміз ауырып отыр. Алла шипасын берсін, сауығып кетсін”, “Аллам, еш адам ауырмасын, жазылып кеттіңіз”, “Алладан аман-есен айығып кетуін тілеймін. Аман бол!!!”, “Отбасына оралса екен”, “Бәрі жақсы болсын”, – деп жазды желідегілер.