Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Маңғыстау облысында бастауыш сынып оқушылары жаппай тамақтан уланып қалды

Маңғыстау облысында Бесшоқы ауылындағы №8 мектепте оқушылар жаппай тамақтан уланып қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Lada.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: Lada.kz Бесшоқы ауылының тұрғынынан

Деректерге сүйенсек, мектеп асханасына барған 1-4 сынып оқушылары зардап шекті.

"Қарындасым мектептен келе сала, ұйықтайтынын айтты. Кешке оянған кезде жүрегі айнып, қызуы 39,2 градусқа дейін көтерілді. Біз оны Маңғыстау ауылының ауруханасына апардық", - деді бірінші сынып оқушысының ағасы.

Зардап шеккен қыздың туыстарының айтуынша, жергілікті ауруханаға барған кезде ол жақта кезекте 50-ден астам бала болған. Көрші Маңғыстау ауылының медициналық мекемесі 35-40 оқушыны бақылап, кейбір зардап шеккендерді Ақтаудағы облыстық балалар ауруханасына жіберген.



Маңғыстау облысының Денсаулық сақтау басқармасы 6 қыркүйек күні кешке №8 мектептің 21 оқушысының ата-аналары іштің ауыруы мен дене қызуына шағымданғанын хабарлады. Сағат 13:15-те 58 бала медициналық көмекке жүгінген. Клиникада 26 бала ем алып, 27 бала үйде бақылауға жіберілген. Тағы бесеуі ауруханаға жатқызылды.

Уланудың себебін өңірдің санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің қызметкерлері анықтайды.

Талқылау