Жұбановтың немересі атасының атымен аталатын университеттегі былыққа көз жұма қарай алмайтынын жеткізді
Құдайберген Жұбановтың туған немересі Ардақ Есетқызы университеттегі кейбір жайтқа көз жұма қарай алмайтынын жеткізді.
«Тілшіге» хабарласқан ол облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың атына хат жазатынын жеткізді.
Университет басшылығының қабылдауына былтырдан бері кіре алмай жүргенін айтқан Ардақ Есетқызы жеке басқа қатысты емес, университеттегі кейбір келеңсіздіктер туралы мәселе көтергісі келген.
«Әсіресе, Жұбановтану ғылыми орталығы төңірегінде түсініспеушіліктер болып жатыр. Соны ректорға дұрыстап түсіндіргім келеді. Мені көмекшісі маңына жолатқысы келмейді. Жеке бастың мәселесі болса бірсәрі. Мен ғылымға қатысты мәселе көтеремін ғой. Өкінішке қарай, атамның атымен аталса да, университетегі жайтқа пікірімді айта алмайтын халге жеткен сияқтымын», — дейді Ардақ Жұбанова.
Университеттің баспасөз қызметкері Гүлнар Қараша бұл жайттан хабарсыз екенін жеткізді. Бүгін жауап беруге уақыты болмайтынын айтқан ол сәлден соң қайта хабарласып, мән-жайды түсіндіруге тырысты.
«Университет ректоры қалада болмай қалды. Осы бейсенбіде Ардақ Есетқызын қабылдайтын болады. Екеуара сөйлеседі», — деді Гүлнар Қараша.
Тағы да оқыңыз:
Атышулы Замира: Жігітім жоқ, бар болса екіқабат болып баяғыда байға тиіп алар едім
Науқас қызға бүйрегін берген Оралдық жігіт жұмысқа орналаса алмай жүр
Павлодарда көшеден өтіп бара жатқан 24 жастағы жігіт үш баланы өрттен құтқарып қалды