Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жөндеуге 4 миллиард жұмсалған: Қызылордалықтар қаладағы кәріз иісіне наразы

Қызылордада кәріз жүйелерін жаңартуға миллиардтаған қаржы бөлінген. Десе де, тұрғындар қалада жағымсыз иіс әлі күнге дейін мүңкіп тұрғанын айтады. Олар қала билігінің әрекетсіздігіне ашулы. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның Информбюро жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 

 

Қызылордада бірнеше жылдан бері кәріз жүйелерінен жағымсыз иіс шығады. Әсіресе халық көп шоғырланған орталық көшелер сасып кеткен. Бірақ қаланы иістен тазарту үшін қомақты қаражат бөлінген.

Кейінгі бес жылда кәріз насос станцияларын еуропалық стандартпен жабдықтауға 4 миллиард теңгедей жұмсалған. Қала сыртындағы биологиялық тазалау станциясына да қыруар ақша бөлініп жатыр. Бірақ одан нәтиже жоқ.

“КНС-тердің бәрі өтіп болды. Енді солардың түзу жолағын, яғни құбырларын ауыстыру керек. Менің ойымша, осылардың бәрін ауыстырып, жаңаласа, ескі құбырлар көміледі. Сол кезде иістен 100 пайыз болмаса да, 70-80 пайыз құтыламыз”, – деді Қызылорда су жүйесі мекемесінің бас инженері Наурыз Байарыстанов.

Мемлекет қазынасынан есепсіз ақша бөлінсе де, жауаптылар жағымсыз иісті түбегейлі жоя алмай отыр. 

Талқылау