Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қар басқан трассадан табылған бала: Полиция оқиғаға қатысты түсініктеме берді

Алматы облыстық полиция департаменті Қазақстанда қар басқан трассада жалғыз жатқан баланың бейнежазбасына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бұған дейін жолда өтіп бара жатқан жүргізушілердің бірі баланың туыстары анықтауы үшін видео түсіріп, желіге жариялаған.

Алматы облысы полиция департаментінің хабарлауынша, қазір қызметкерлер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

"Полиция департаменті табылған бала туралы әлеуметтік желілердегі хабарламаға жауап ретінде істің мән-жайын анықтап, оның ата-анасының іс-әрекетіне заңды баға береді. Біз тексерудің аралық нәтижелері туралы кейінірек халықты хабардар етеміз", - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Еске салайық, 21 желтоқсанда Алматы облысының Жамбыл ауданында белгісіз бала жалғыз өзі тас жолда жатқан жерінен табылды. Видеоның авторы баланың жолдың шетінде тұрғанын, жақын жерде ешкім болмағанын айтты.

"Елестетіп көріңізші, мен қазір жолда келе жатып, бала таптым. Бір өзі жол жиегінде тұрды. Айналасында ешкім жоқ. Міне, қараңыздар. - Әкең қайда? - Ана жерде.  - Онда ешкім жоқ. Қазір қараңғы түседі. Қасқыр шабуыл жасайды, не істейсің? Бетіңді көрсет, әкең сені тануы керек. Міне, қызық. Не істеу керек, енді? Сені әкімдікке апарамын ба? Мен сені алып кетемін, жарай ма?", - дейді ер адам.

Талқылау