Жолдағы отшашу: Ақмола облысында пиротехникалық бұйымдар тиелген көлік өртенді (видео)
4 желтоқсанда кешке пиротехникалық бұйымдар тиелген көлік өртеніп, Нұр-Сұлтан – Щучье тас жолында қозғалыс уақытша тоқтатылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ерекше жол-көлік оқиғасының куәгерлері өртті видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге жүктеген.
Ақмола облысының Төтенше жағдайлар департаменті оқиғаның Бурабай ауданында Нұр-Сұлтан – Щучье тас жолының 212-ші шақырымында болғанын жеткізді.
"Жолдың 30 шаршы метр аумағында пиротехникалық бұйымдар тиелген DAF жүк көлігінің жартылай тіркемесінде өрт болды, салдарынан көліктің тіркемесі толығымен жанып кетті. Өрт 22.05-те ауыздықталды. Жолдағы қозғалыс сағат 22.40-та қалпына келтірілді. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Төтенше жағдайлар қызметі (19 қызметкер мен төрт техника) жұмылдырылды", - деді департамент өкілдері.
"Халқының жалақысы 3 миллион теңге, күйзеліс дегенді білмейді": 3 айлық сәбиімен Англияға оқуға кеткен қазақстандық адам миын зерттеп жүр
Ұлпан: "Жалақысы аз, жүктемесі ауыр, Қазақстандағы дәрігерлерге жаным ашыды”
"Тарифтер өсіп, мобильді аударымдарға бақылау күшейеді": 1 сәуірден бастап Қазақстанда не өзгереді
Сәуір айында болатын өзгерістерге шолу жасадық