Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жолаушысын жасыл дәрімен жуынуға мәжбүрлеген қостанайлық таксист сотта жауап береді

Қостанайда жолаушысын сұйық жасыл дәрімен жуынуға мәжбүрлеген такси жүргізушісі сотта жауап береді, деп хабарлайды прокуратурасының баспасөз орталығы.

rt-1

«Іс мән-жайы қаралып, ақырғы шешім қабылдануы үшін Қостанай қ. №2 сотына жіберілді», делінген хабарламада.

Өзін Мұрат деп таныстырған такси жүргізушісі мұндай әрекетке баруына  бойжеткеннің жолақысын төлемегені себеп болғанын айтты. Ол бойжеткенді жасыл сұйық дәрімен бетін жууға және өзінен кешірім сұрауға мәжбүр еткен.

«Өзінің заңға қайшы әрекетін Б. есімді азамат қоғамға деген немқұрайлылығын айналаға көрсету мақсатында камераға түсіріп алған», – делінген баспасөз парағында.

Одан кейін Б. видеоны өз таныстарына жібере бастаған, осылайша видео әлеуметтік желіге тарап кеткен. Қалалық ІІБ сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын бастап кетті. Қылмыстық тергеу органдары Б. әрекеттерін ҚР ҚК 293-бабы, 1-бөлігіне (бұзақылық) сәйкес деп тапты және бұл бап бойынша 2000-4000 дейінгі АЕК мерзімінде айыппұл салу және 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Бұған дейін аталмыш оқиғаның видеосы желіде жарияланып, ол үлкен қоғамдық шу тудырған еді. Такси жүргізушінің сөзінше, қыз жол ақысын төлемей алдап кетпекші болған. Кейіннен қатыгез такси жүргізушісінің ұсталғанын хабарлаған едік.

Жіберіп алмаңыз:

Дінтанушы: Кей қыздар хиджабты желіде көп лүпіл жинау үшін киеді

Алматыда балалар үйінің бүлдіршіндері директордың өздерін жиі ұратынын айтты

ОҚО-да түйе сүтінен йогурт жасалады

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр