Жолаушылар ұшақ бортында төбелесіп кетті (видео)
All Nippon Airways (ANA) авиакомпаниясы «Токио – Лос-Анджелес» рейсінің жолаушылары ұшақ бортында бір-бірімен төбелесті, деп хабарлады CNN сайты.

Ұшырылым алдында ерсі қылық көрсеткен қызыл жейделі ер адам артта отырған азаматты жөн-жосықсыз ұрып жібереді. Бұл оқиғаны Кори Ауэр есімді жолаушы өз телефонына түсіріп алған.
Ауэр тыныш қана отырған ер адам оның жанжал шығаруына еш түрткі болмағанын айтты.
Авиакомпания қызметкерлері оларды айыру үшін қажетті жағдайдың бәрін жасады. Ақыр соңында бұзақы жолаушыны сабасына түсіріп, ұшақтан шығарып жіберуге тура келді.
Тағы да оқыңыз:
Қарағандыда “Аналар үйін” паналаушылар қызметкерлердің кемсітетінін айтып ашынды
Өскеменде ұялы телефон жарылып ер адамның үш саусағы мен құлағы сынып кетті
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар