Жолаушы семіз серігіне бола әуе компаниясын сотқа берді
Жолаушы сапар кезінде қасында семіз адам отырғаны үшін Emirates әуе компаниясын сотқа берді. Серігі өзінің орындығына сыймағанымен қоймай, адвокат Джорджио Дестроның тыныштығын бұзған екен.

Бұл туралы Daily Mail басылымы хабарлайды.
Дестроның айтуынша, ол Кейптауннан Дубайға ұшқан 9 сағат ішінде тұрып тұруға мәжбүр болған. Арасында бортсеріктердің креслосына отырып демалған екен.
Заңгер стюардессаларға әлгі адамды басқа жерге отырғызуды ұсыныпты. Алайда олар өз кезектерінде бос орынның жоқтығын айтқан. Италяндық өзінен ешкімнің кешірім сұрамағанына наразылық танытып, қатты ашуланған. Енді Дестро Emirates әуе компаниясынан 2,8 мың еуро талап етуде.
Жіберіп алмаңыз:
Мұсылман әйел ерлерге қол беріп амандасу керек болғандықтан жұмысынан шығып кетті
Жұдырығыңызға қарап тұлғалық ерекшелігіңізді анықтаңыз
7 ай өмірі қалғанын білген миллионер бүкіл дүниесін қайырымдылыққа жұмсауды ұйғарды
Астанада пайдаланылмайтын велосипедтер сатып алу үшін миллиардтаған қаржы жұмсалған: Әкімдік не дейді
Елордада бұған дейін салынған велосипед инфрақұрылымының 90 пайызы пайдаланылмай тұр
Шымкентте тұрғын жаңа әуежайда намаз оқитын орын жоқ екеніне шағымданды
Ер адам: "Мынау зал, намазды маған осы жерде оқуды ұсынып отыр”