Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жолаушы қызды зорлады деп күдіктелген "Тұлпар-Тальго" пойызының жолсеріктері сотта жауап беруде

«Тұлпар-Тальго» пойызының жолаушысын зорлады деп күдіктелген екі жолсерікке қатысты іс Қостанай сотында қаралуда.

Жолаушы қызды зорлады деп күдіктелген

«Тұлпар-Тальго» жүрдек пойызы Нұр-Сұлтаннан келе жатқан. Ақтөбелік тұрғын іс-сапардан үйіне бет алады. Кешке қарай оның бөлмесінің есігін жолсерік ашып, жәбірленушінің айтуынша, оны зорлаған. Біраз уақыттан кейін тағы бір жолсерік келіп осылай жасапты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаға сілтеме жасап хабарлайды.

Оқиғадан кейін күдіктілер жұмыстан шығарылды. Құқық қорғаушы Дина Смаилованың айтуынша, әйел одан көмек сұрап өткен жылдың қазан айында жүгінген.

Бір ай бұрын ол өзін жолсеріктердің зорлағанын түсіндірді. Сапар кезінде әйел мейрамхана вагонына барып, содан кейін өз орнына оралады. Ол жерде ішімдік ұстаған жолсерікті көреді. Әйел одан кетуін өтінеді.

«Ол кеткен соң жолаушы ұйықтамақ болады. Таңертеңгі сағат 4-те жолсерік есікті өз кілтімен ашып кіреді. Сөйтіп қызды зорлайды. Сараптама қазір топтық зорлаудың болғанын растады. Онда ДНҚ мен биология табылды. Бұл істе көптеген куәгерлер бар. Саны 56 адам», - деді Дина Смаилова.

Қылмыс Қостанай облысының аумағында жасалғандықтан, үкім Қостанай сотында жария етіледі.

Ал жәбірленуші күйзеліс жағдайында болғандықтан ешқандай түсініктеме бермейді.

«Тіпті прокурор сұраған 6 жылдың өзі жеткіліксіз. Мүмкін, олардың біреуінің екі кішкентай баласы бар болғандықтан жеңілдік жасалатын шығар. Баласының бірі мүгедектікпен ауырады екен», - дейді қорғаушы.

Бұл ретте жолсеріктің әкесі оның жалғыз 23 жастағы ұлы мұндай іске бармайды деп отыр. Ол бәріне жолаушыны кінәлады.

Сот үкімі 25 шілдеде жариялануы керек.

Бұған дейін бойжеткен “Тұлпар-Тальго” пойызында жолсеріктердің топ болып өзін зорлағанын айтқан еді. 

Талқылау