Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Жоғарыдан келген бұйрық": Мессенджерлерде Алматыдағы дәріханалардың сөрелері босап жатқаны туралы ақпарат тарады

Қазақстандықтар What ‘ sApp мессенджерінде қызуды төмендететін дәрінің 10 қаптамасын бірден алуға үндейтін аудиохабарлама таратуда,  деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Автордың айтуынша, адамдарды COVID-19-ға қарсы вакцинациялауға мәжбүр ету үшін Алматы мен Алматы облысының дәріханаларынан бірқатар дәрі-дәрмекті сатылымнан алып тастау туралы "жоғарыдан бұйрық келіп түскен".

"Бұл жалған", - деп жазады stopfake.kz басылымы.

Бұл ақпаратты ҚР Денсаулық сақтау министрлігі жоққа шығарды.

"Бүгінгі таңда коронавирустық инфекцияны емдеуге қажетті препараттар қаланың барлық дәріханаларында бар. Қамтамасыз ету шамамен 90%-ды құрайды. Дәріхана қоймаларында 1 миллионнан астам (1 037 мың) қажетті препарат бар. Сонымен қатар, нарықты қанықтыру үшін тұрақтандыру қорының қаражаты есебінен қаланың дәріханаларына дәрілік препараттарды жеткізу жалғасуда, бүгінде ол Алматы үшін шамамен 5 млрд теңгені құрайды. Қазіргі кезде Алматыға әкелуге жоспарланған 40,1 млн дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың 47,2 млн (118%) әкелінді. 23,4 млн теңгенің препараттары сатылды. Құны 23,8 млн теңгелік дәрі қолда бар, оның ішінде төмендетілмейтін қалдық 8 млн құрайды. Осылайша, қалада екі айлық беріктік қоры қалыптастырылды", – деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметінен.

Сондай-ақ Алматы қаласының және облыстық дәріханаларда медициналық маскалар мен термометрлер жеткілікті.

Сонымен қатар, ведомство бүгінгі таңда дәрі-дәрмек пен жеке қорғаныс құралдарына жоғары сұраныс жоқ екенін атап өтті.

Талқылау