Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жоғары аудиторлық палатаның экс-басшысы Наталья Годунова "Қазақстан темір жолының" тәуелсіз директоры болды

Жоғары аудиторлық палатаның бұрынғы басшысы Наталья Годунова "Қазақстан темір жолы” АҚ-ның (ҚТЖ) тәуелсіз директоры болып тағайындалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото Есеп комитетінің сайтынан

Бұл хабарды Ұлттық компанияның баспасөз қызметі мәлімдеді. 

"ҚТЖ" ҰК " АҚ-ның 2024 жылғы 4 сәуірдегі шешімімен "ҚТЖ "ҰК" АҚ директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор болып Наталья Николаевна Годунова сайланды", – делінген хабарламада.

  • Годунова 2017 жылдың желтоқсанынан бастап Орталық сайлау комиссиясының мүшесі болды;
  • 2018 жылдың ақпанынан бастап Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі Есеп комитетін басқарды;
  • Ал 2022 жылдың қарашасынан бастап 2024 жылдың 1 сәуіріне дейін Жоғары аудиторлық палатада басшылық қызметте болды.


Енгізілген өзгерістер бойынша, “ҚТЖ "ҰК" АҚ Директорлар кеңесі тоғыз адамнан тұрады:

1) Рысқұлов Айдар Қайратұлы – "ҚТЖ "ҰК" АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы, акционер мүдделерінің өкілі;

2) Сауранбаев Нұрлан Ермекұлы – "ҚТЖ "ҰК" АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, "ҚТЖ" ҰК " АҚ басқарма төрағасы;

3) Отыншиев Елжас Мұратұлы – "ҚТЖ "ҰК" АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, акционер мүдделерінің өкілі;

4) Бердіғұлов Ернат Құдайбергенұлы – "ҚТЖ "ҰК" АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, акционер мүдделерінің өкілі;

5) Ирубаев қуат Қайыргілденұлы – "ҚТЖ "ҰК" АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, акционер мүдделерінің өкілі;

6) Ульф Вокурка – "ҚТЖ "ҰК" АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор;

7) Александр Андреас Ширхубер – "ҚТЖ "ҰК" АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор;

8) Джон (Ян) МакКей – "ҚТЖ "ҰК" АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор;

9) Годунова Наталья Николаевна – "ҚТЖ "ҰК" АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор.

Талқылау