Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жыныстық қатынасқа түскен: Жамбыл облысында жоғалып кеткен 15 жастағы қыз бейтаныс жігіттің қасынан табылды

Жамбыл облысында 15 жастағы жасөспірім әке-шешесіне ренжіп, ғаламтор арқылы танысқан бейтаныс біреумен кетіп қалған. Бесіктен белі шықпаған қыздар арасында мұндай тенденция неге белен алып барады? Оның соңы неге әкеп соғуы мүмкін? Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Жақында Арыста 16 жастағы қыз үйінен қашып кеткені жайлы ақпарат тараған болатын.

«Қыз әлеуметтік желі арқылы бір жігітпен хат алмасып жүріп, соған қашып кетеді. Қазір қыз аман-сау ата-анасына оралды. Өз кезегінде ПД қызметкерлері ата-аналардан өтініп сұрайтымыз, әр балаға көңіл бөліп, әлеуметтік желіде олар кіммен араласып, хат алмасып тұратынын білу қажет», - деді облыстық ПД баспасөз хатшысы Салтанат Қаракөзова.

Еске салайық, осыған ұқсас жағдай Ақтөбеде тіркелген еді. 15 жастағы қызбен жыныстық қатынасқа түскен 17 жастағы бозбала сотталып кетті. 

"Қыздың қандай жағдайда болғанын білуім менің міндетім. Үйге қыз қонбағасын. Екеуі бір-бірін жақсы көріп қашты, жыныстық қатынасқа түсті. Қаншама өзі кішкентай балаларды зорлаған, мусорға лақтырып кеткендері де бар. осыларды неге жазаламайды? Баламның не жазығы бар? Шынайы махаббатпен. Түрмеге отырғызуға бола ма баланы?», - деді күдіктінің анасы Анар Қошанова. 

Мамандар жас қыздардың үйден қашуына ата-ананың қаталдығы түрткі болады деген пікірде. 

«Көп жағдайда осы жерде ата-ана тарапынан түсініспеушілік болған жайдайда бала үйден қашуға, соған жақын болып жатады. Басқа адамдардан жылулық іздейді. Басқа адамдардан көңіл бөлгендііздейді. Өте қатты қадағалаушылық болатын болса, баланың үйіне келуін қатты қадағалап отырса, мектепке баруын қадағалап отырса және де баланы қатты қамқорлықта ұстайтын болса, осы жерде балада іштей ата-анасына ашу-ызасын тудыру мақсатында үйден кетіп қалу жағдайлары болады», - деді психолог. 

Талқылау