Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Жылына екі рет бриллиант": Алтынай Жорабаева күйеуінің берген сыйлықтарын айтып мақтанды

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, “Құрмет” орденінің иегері, әнші Алтынай Жорабаева жақында туған күнін атап өткен болатын. Туған күн иесі қымбат сыйлықтарын көрсетіп, Instagram парақшасында жақындарына алғыс айтып, жазба жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

45 жасқа толған әнші туған күнін тек жақындарымен ғана атап өтті. Жүктілігіне байланысты әзірге жиын-той, сауық кештерін тоқтатқан. Өнер иесі сөз басын алғыстан бастады.  

“Биылғы туған күнімде ерекше сезімде жүрмін. Жекеменшік мерекемді отбасыммен ғана атап өттім. Жан-жарым мен қыздарым қасымда. Тілек жаудырып жатқан барлық ағайынға мың алғыс”, – деді туған күн иесі.

Ол жолдасының сыйлық жасау “дәстүрі” жайлы толығырақ айтты.

“Жыл сайын ерекше сыйлықты жолдасым береді. Биыл да соңғы үлгідегі айфонды сыйлады. Осы жерде Әлішердің маған және отбасы мүшелеріне не сыйлайтынын айтып берейін: Жолдан, гастрольден келе жатсам, 9 тал раушан гүлімен күтіп алу, егер жанымда адам болса оған да үш тал раушан гүлі. Туған күнге телефон сыйлауды әдетке айналдырып алды. Жылына екі рет бриллиант, қыздарға телефон, планшет, макбук, өзінің ата-анасына қымбат техникалар, менің ата-анамның телефонын жаңарту осы кісінің мойнында. Тіпті немере-жиен, бауырларына да соңғы үлгідегі телефон, құлаққап сыйлап жатады”, – дейді әнші. 

Әнші оқырмандарының: “Сіз не сыйлайсыз?” деген сауалына да жауап берді.

“Өнер адамы болғандықтан, алдымен, ән арнаймын. Репертуарымдағы “Ешкімге бермеймін, “Ұнайды”, “Сезім бағы” әндерін жолдасыма арнағанмын”, – деді.

Айта кетейік, әнші екінші некесінен бесінші сәбиін күтіп жүр. Төрт қыздан кейін, бір ұлды армандайтынын да жасырмайды.    

Талқылау