Жиырма жылын жұмсаған: Ер адам өз қолымен құрастырған ұшақты сыйға тартты
Саид Джаммал есімді Абуджа (Нигерия) тұрғыны жиырма жыл бойы саяхаттауды жақсы көретін әйелі үшін ұшаққа ұқсайтын үй салды.

Саид Джаммал құрылыс жұмыстарын жиырма жылдан астам уақыт бұрын бастаған. Нигерия азаматының сөзінше, ол дайын ұшақтан үй жасамады. Үш қабатты үйді әуе кемесіне қарап отырып салған екен. Ұшақ іспеттес үйдің құйрығында ұлттық таңбалар: бір жағында нигериялық ту, екінші жағында Ливан елтаңбасы бейнеленген.

Джаммалдың ұлы Мохаммедтің айтуы бойынша, ол 12 жасынан бастап күн сайын әкесіне ұшақты салуға көмектескен. Өз кезегінде әкесі Джаммал ұшақтың Абуджадағы көрікті жерлердің біріне айналуына үміттенеді.
Үйдің ішінде бірнеше қонақ бөлме, жатын бөлме және отағасының тағы бар. Джаммал сол таққа отырғанды жақсы көреді екен.




Қаскелеңдегі атышулы құпия ит сою орны мен ет тасымалы: Істің 1 жылдан кейін тоқтатылғаны белгілі болды
Мина Исмаилова: "Сою орны әлі күнге дейін жұмыстарын жалғастырып жатқанына сенімдімін"
"Қол қусырып тұра алмадым": Алматылық әке 1 жастағы көршісінің баласын қалай аман алып қалғанын айтып берді
Әкенің айтуынша, балаларына анасының өмірден өткенін түсіндіру де оңай болмаған