"Жігітпен жүріп өзгерді": Ел Кәмшат Жолдыбаеваның жабық киіне бастағанын байқады
Ашық-шашық образдарымен желіні шулататын Кәмшат Жолдыбаева енді бұл әдетін тоқтатқан сыңайлы. Instagram оқырмандары актрисаның жеке өміріне қатысты тың жаңалық пайда болғалы киіну стилінің өзгергенін байқады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

- "Кеш болады, өкініп қаласың, деді": Заңғар Нұртас отбасын құруға ағасы Қайраттың итермелегенін айтты
"Осы қызды жабық киіндірген жігіттен айналайын. Бастапқы кезде жабық жүретін, ұнайтын. Ашық киінгеннен кейін әні жақсы болса да, түк ұнамай қалды. Қазақ, мұсылман екенін ұмытпасын Кәмшат", "Дұрыс енді егесі, жолдасы бар. Соның айтқанын істеу керек", "Кәмшаттың жігіті пайда болған сияқты", "Орамал тағатын күнді нәсіп етсін", "Етегің ұзарып кетті ғой. Ол нені білдіреді?" – деп таңданды желі қолданушылары.
Бұған дейін Жолдыбаеваның танымал актер Ғазірет Ержановпен бірге көзге түскенін жазған едік.
"Қолымнан айырылып қалу алдында тұрмын": МӘМС арқылы уақытылы көмек ала алмаған қазақстандық ота кезегінің ұзаққа созылғанына наразы