"Жігітімен жанжалдасқан": Қостанай облысында қыз көпірден секірмек болған
Қостанай облысында полицейлер көпірден секірмек болған қызды құтқарды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Оқиға Қашар кентінде болған. 12 ақпанда "102"-ге анонимді қоңырау түсті. Қыз көпірден секіріп, өз-өзіне қол салмақ болды. Кезекші дереу кенттік учаскелік полиция пунктіне хабарлама жіберді.
"Біз жеткенде, қыз биіктігі 20 метрден асатын көпір қоршауынан өтуге тырысып жатты. Төменде теміржол жолдары орналасқан. Оны ұстап, келеңсіз жағдайдың алдын алдық", – деді полицей Серік Сәдуақасов.
Қыз тынышталып, учаскелік полиция пунктіне жеткізілді. Ол жігітімен жанжалдасып, арадағы мәселені осылай шешпек болған.
"Төтенше жағдайларда тез шешім қабылдауға тура келеді. Олардың бірі зейнеткерді өрттен құтқарған кезде болды, отбасылық қақтығыстарға тап боламыз. Ең бастысы – сабырлылықты жоғалтпау", – деді полиция қызметкері Талғат Іспергенов.
Қыздың тағдыры полиция назарынан тыс қалмайтыны айтылды.
Заманбек Нұрқаділовтің қаза болғанына 20 жыл: Саясаткердің өзі мен өлімі туралы не белгілі