Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Жіберген қателіктерге байланысты”: Қазақстанның күштік құрылымдарында кадрлық өзгерістер күтілуде

Қазақстанда күштік құрылымдарының жұмысындағы қателіктерге байланысты алдағы уақытта кадрлық өзгерістер болады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КазТАГ басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: polisia.kz

Ішкі істер министрлігі мәлімдеме жасады.

"Ішкі істер органдарының барлық бөлімшелерінде, сондай-ақ басқа құқық қорғау органдарымен бірлесіп, заңдылықты және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, оның ішінде есірткі қылмысына қарсы күрес мәселелерін қамтитын президенттің тапсырмаларын іске асыру аясында жұмысты күшейту бойынша бірқатар жиналыстар мен кеңестер өткізілді. Олардың қорытындысы бойынша тиісті ұйымдастырушылық, кадрлық және басқа да шешімдер қабылдануда", – деп хабарлады ішкі істер министрлігі.

Бас прокуратура Болгарияда Қазақстанмен байланысты көлік құралынан ірі есірткі партиясының тәркіленуіне байланысты қабылданып жатқан шаралар туралы айтты. Бұл оқиғаны құқық қорғау органдары жұмысындағы үлкен қателіктердің бірі ретінде қарастырған болатын.

"Қазіргі уақытта уәкілетті органдар есірткі заттарының транзиттік сызбасын анықтау бойынша шетелдік серіктестермен өзара іс-қимыл мәселесін пысықтап жатыр. Аталған оқиға бойынша прокуратура қызметкерлерінің жауапкершілікке тарту қарастырылмаған", – деп хабарлады бас прокуратура.

Талқылау