Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жезқазғанда жаңа жылу электр станциясы қашан салынатыны белгілі болды

Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Жезқазғанда жаңа жылу электр станциясы қашан салынатынын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: akorda.kz 

Электр энергиясы тапшылығын азайту мақсатында қуаты 6,7 гигаватт болатын жаңа генерация салу жоспарланған. 

"Жезқазғанда 2029 жылдың соңына дейін қуаты 500 мегаватт жаңа жылу электр станциясын салу жоспарланған. Сондай-ақ стратегиялық инвесторлармен қуаты 5 гигаваттық ауқымды жобалар дайындалып жатыр", - деді Азамат Сәтқалиев үкімет отырысында. 

Маневрлік генерацияларды іріктеу бойынша аукцион сауда аясында Ақтау, Атырау, Ақтөбе, Тараз, Қызылорда, Шымкент қалаларында қуаты 2,4 гигаватт газ станциялары құрылысы басталады деп жоспарланған. 

Сонымен қатар солтүстік және оңтүстік өңірлер арасындағы байланысты нығайту және транзит әлеуетін арттыру мақсатында күші +/- 500 киловольт "Солтүстік-Оңтүстік" тұрақты  ток желісін салу жоспарда. Өткізу қабілеті 2 мың мегаваттқа дейін артады. 

Бұған дейін Қазақстан мен Ресей Көкшетау, Семей және Өскеменде жылу электр станцияларын салу туралы меморандумға қол қойғанын жазған едік. 

Талқылау