Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Жетпей қалды": Қарақат Әбілдина туған күнінде орамал таратып, сынға қалды

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Қарақат Әбілдина туған күнін құрбыларымен атап өтті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Видеодан скриншот

Өнер иесі 46 жасқа толған күнінде Германияда болған еді. Араға екі апта салып, жақындарының басын қосты. 

“Достар, менің туған күнім әлі жалғасып жатыр. Бүгінгі кеш осындай жақсы адамдардың ықылас-ниеті, тілегінен туындады. "Биыл туған күніңде шетелде болдың, құттықтай алмадық" деп сыйлығын үйге жіберген, қайда жүрсем де, ықылас-ниетін білдіріп жүрген жақын адамдарымның басын бір қосайын деп, шағын отырыс ұйымдастырып жатырмын. Көтермесек көңілді кір басады дейді. Елдегі жағдай реттеліп жатқан сыңайлы. Алла өзі жар болсын, – деп жазды әнші. 



Жеке парақшасына эстрада жұлдызы видео жүктеп, отырыстан үзінді көрсетті. Туған күн иесі келген қонақтарға орамал таратып жатқанын аңғаруға болады. 

“Көтермесе көңілді кір басады… Көктеміме көрік беріп, көңілімді көтерген көріктілеріме отандық сән үйімен бірігіп дайындаған “Қарақат” орамалдарын сыйға тарттық. Барлығыңызға жетпей қалды. 20 дана дайындап едік. Бұйырса, қарақат жемісі бейнеленген осы әдемі принтпен жаңа топтамалар күтіңіздер! Әдемі, жарасымды, иә? Бүгінгі кеш үшін, ықылас-ниеттерің үшін рақмет, алтындарым!”, – ризашылығын білдірді өнер иесі. 

Алайда желі қолданушылары түрлі пікір жаудырып, өнер иесін сынның астына алды. 

"Қазақ дәстүрін білетін Қарақат қазақ әйелдеріне көк орамал жапқаның дұрыс болмады. Қазақ әйелдері ешқашан көк жабылмасын", "Көк түсті баласы қайтқан әйелдер тартады. Әлі есімде бала кезімде көрші апаның ұлы кайтыс болды, ол заманда көк бояуға бояп тартқанын көргенмін. Содан бері көк орамалды жаман көремін", "Әрине орамал әдемі, бірақ түсі өте жаман", "Орамал жапқаныңыз дұрыс шығар, бірақ көк түсті қазақ әйелі басына салмаған. Алла сақтасын! Қазақтың ырым-тыйымдары текке айтылмаған", – деп жазды желі қолданушылары.

Еске салайық, әншінің Германияға не үшін барғанын жазған едік. 

 

Талқылау