Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жетісудағы туристік аймақтарда салынбаған әжетханаларға 30 миллион теңге бөлінген

Сарқан ауданында бюджет қаржысын иеленіп алу үшін жасалған айла-амал анықталды. Тергеу дерегі бойынша шенеуніктер мердігерлерге жоқ әжетханалар үшін 29 миллион теңгеден астам қаржы берген. Олардың айтуынша, неше әжетхана салынуы керегі әлі белгісіз. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: sakhalin.info

Жетісу облыстық прокуратурасы бұл іске қатысты әлі ешкім қамауға алынбағанын айтты. Ведомство "Аса ірі көлемде ақша жымқыру" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын мәлімдеді. Бап 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын қарастырады. 

2023 жылы өңір билігі туризм аумақтарындағы әжетханаларға көңіл бөлуді шешкен. Мемлекет тіпті олардың таза тұруын субсидияламақ болды. 

"Сарқан ауданында әкімдік туристік нысандардағы санитария-гигиеналық тораптар жасау үшін 29 миллионнан астам ақша төлеген. Сотқа дейінгі тергеу басқармасы деректері бойынша, Жетісу облысының прокуратурасы қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағы "Аса ірі мөлшерде ұрлау" бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады", – деді Жетісу облысы прокурорының көмекшісі Ләйлім Әбілмажинова. 

Бұған дейін Талдықорған әкімдігі 160 миллион теңгені негізсіз жұмсамақ болғаны анықталған еді. 

Талқылау