Жетісу облысының барлық соттарына бомба қойылғаны туралы хабарламалар келген
3 ақпанда Жетісу облысындағы соттардың электронды мекенжайларына сот ғимараттарына жарылғыш заттардың қойылғаны туралы хабарламалар келіп түсті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Мәтінде Алматы облысындағы сот ғимараттарына бомба қойылғаны туралы жазылған. Бұл туралы ақпарат департаменттің Facebook-тегі парақшасында пайда болды.
ҚР ІІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, құрамында арнайы іздестіру иттері бар саперлар тобы облыс аумағында орналасқан барлық сот ғимараттарын тексерді. Тексеру кезінде жарылғыш құрылғылар табылмады.
Хабарламада көрші облыстың көрсетілгені ескеріліп, жинақталған материалдар Алматы облысының полиция департаментіне жолданып, аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Терроризм актiсi туралы жалған хабарлау - 5000 АЕК-ке дейiнгi мөлшерде айыппұл салу немесе сол мөлшерде түзеу жұмыстары, не 5 жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыру немесе шектеу жазасы қарастырылған.
Астанада параспортшылар федерация басшысына жалақысының бір бөлігін беруге мәжбүр болғанын айтты
Федерация басшысына "Алаяқтық" бабымен іс қозғалған
Қаскелеңде автобус қағып кеткен студенттің ісі жабылып қалған: Анасы қызының ауыр жарақат алғанын айтады
СДУ алдында автобус қызды қағып кеткен, алайда полиция істі көп ұзамай жауып тастаған