Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жетісу облысында Мәдениет үйін жөндеу кезінде 212 миллион теңгеден астам қаражат жымқырылған

Фото: Видеодан скрин

Жетісу облысы Бақтыбай ауылындағы Мәдениет үйін жөндеуге бөлінген қаражаттың жымқырылуына қатысты тергеу жүріп жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Қаржы мониторингі агенттігі істің мән-жайын хабарлады. 

“2020 жылы Ескелді аудандық ішкі саясат бөлімі мен мердігер нысанды күрделі жөндеу бойынша 753 миллион теңге келісімшартқа қол қойды. Келісімшартқа сәйкес, мердігер жұмысты 2021 жылдың желтоқсанында аяқтауы керек еді. Бірақ нысан әлі пайдалануға берілмеген. Тергеу барысында бұрын қабылданып, төлем жүргізілген бірқатар жұмыстардың нақты орындалмағаны анықталды. Нәтижесінде мемлекетке келтірілген залал 212 миллион теңгеден асты”, – делінген хабарламада. 


3,7 миллиард теңге залал келген: Жүк көліктерін заңсыз тіркеумен айналысқан “Азаматтарға арналған үкімет” маманы Ресейден экстрадицияланды


"Экологияға 300 млн теңгеден аса залал келтірілген": Шығыс Қазақстанда заңсыз кен өндіргендерден 382 миллион теңгенің алтыны тәркіленді


Мекеме қатысушылардың мүлкіне шектеулер қойылғанын айтты. 

“Тергеу жалғасып жатыр. Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес басқа ақпарат жарияланбайды”, –делінген хабарламада. 

Айта кетейік, бұған дейін қазақстандық ер адам криптовалютадан заңсыз 400 миллион теңге пайда тауып, Дубайға қашып кеткенін жазған едік. Бас прокуратура мен қаржы мониторингі агенттігінің қызметкерлері криптовалютамен заңсыз сауда жасағаны үшін Қазақстан азаматын Дубайдан экстрадициялады. Күдікті 2022-2024 жылдар аралығында тиісті лицензиясыз "Binance" криптобиржасының платформасында жеке тұлғалар үшін цифрлық активтерді сатып алу, сату және айырбастауды жүзеге асырып, 400 млн теңге заңсыз табыс тапқан.

Жұмаділлә Нұрила
Жұма, 19 Желтоқсан, 2025 11:11