Полиция үйіне жібере салған: Жетісу облысында ауыл әкімі 12 жасар баланы көлігімен қағып өлтірді
Жетісу облысы Көксу ауылында әкім 12 жасар баланы қағып өлтірді деген күдікке ілінді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

2 қарашада Көксу әкімі Әлия Бақтиярова көлікпен 12 жасар баланы қағып кеткен деген күдікке ілінді. Жасөспірім оқиға орнында жан тапсырған.
Желіде тараған ақпарат бойынша оның атына хаттама толтырылған, алайда шенеунікті полиция қызметкерлері үйіне жіберген.
“12 жасар бала Hyundai Creta көлігінің астына түсіп, көз жұмды. Көлікті 39 жастағы әйелдің басқарғаны анықталды.
Жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша қажетті сараптамаларды тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу жүргізіледі. Шетелдік машина арнайы автотұраққа орналастырылған. Тергеу облыстық анықтау басқармасының бақылауында”, – деп мәлімдеді Жетісу облысы полиция департаменті.
Таразда жүкті әйелді жаяу жүргіншілер өткелінде көлік қағып кеткен: Ол тергеу жүргізілмегеніне шағымданды
Тұрғын: "Істің неге тиісті деңгейде жылжымай тұрғаны түсініксіз"
Астанада бес баланың анасы қатерлі ісігінің асқынуына дәрігерлерді кінәлады
Дәрігерлер жатыр мен аналық бездерді түгел алып тастамақ