Жетісу облысы: орталық су жүйесімен қамту 99,9%-ға жетті, газдандыру деңгейі жыл соңына дейін 72% болады

Жетісу облысы құрылғанға дейін тек 5 елді мекен ғана газдандырылған болатын. Жыл соңына дейін газ құбыры тартылған елді мекендер саны 126-ға, газдандыру деңгейі 72%-ға жетеді.
Мұны облыс әкімі Бейбіт Исабаев Қазақстан республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында айтты.
Биыл “Талдықорған-Үшарал” магистралды газ құбырының құрылысы аяқталды.

“Ақсу, Сарқан, Алакөл аудандарының шамамен 152 мыңнан астам адамы бар 84 елді мекенін табиғи газбен қамтамасыз ету үшін жобалық-сметалық құжаттамалары әзірленуде. Осы жобаларды іске асыру нәтижесінде 2028 жылы өңірде 210 елді мекенге газ тартылады деп жоспарлап отырмыз. Облыста газға деген қажеттілік артып келе жатқандықтан, жеке инвестициялар есебінен "Алматы-Талдықорған" екінші магистралды газ құбырының жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленуде”, – деді Бейбіт Исабаев.

Сол сияқты өңір басшысы ауыз сумен қамту мәселесіне де тоқталды. Оның айтуынша, 2023-2024 жылдары орталықтандырылған сумен жабдықтауға 4 ауыл қосылды, 25 елді мекенінде ауыз судың сапасы жақсарды. Биыл тағы 4 елді мекен орталықтандырылған сумен қамтамасыз етілді.
Жалпы, 329 елді мекен орталықтандырылған сумен жабдықталып, қамтамасыз ету деңгейі 99,9%-ға жетті.
Жаңа үйленсе де өзге қыздарға жазады: Қазақстандық психолог неліктен ерлердің опасыздыққа баратынын айтты