Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

90-жылдардың қылмыс серкесі: Тәуекел Мүсілім әкесінің видеосын жариялады

Тәуекел Мүсілім әкесін сағынышпен еске алады. Әкесінің батыл әрі жігерлі жігіт болғанын айтты. Өзінің мінезі ұқсамаса да, әке атына лайық болып кір келтірмеуге тырысатынын жеткізді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Тәуекел Мүсілім әкесін еске алып, елін сүйген жақсы азаматтар көп болсын деп тілек білдірді. 

"Елін, жерін сүйетін ұлтжанды азаматтар көп болсын! Әр отбасы ол жеке мемлекет. Сол себептен ұл-қыздарымызға дұрыс тәрбие берейік. Сонда ғана ұлт оңалады", - деп жазды актер парақшасында. 

Актер әкесінің көзі тірісінде түсірілген видеосын бөлісті.

"Сен жанбасаң лапылдап, мен жанбасам лапылдап, кім жанады лапылдап? Әр жігіт өз ауылы үшін қолынан келгенін істесе, біздің бүкіл қазақ республикасы өз дегеніне жететініне мен толық сенемін", - деді Сабыр Мүсілім видеода. 

Қазақ актері Тәуекел Мүсілім Сабыр Мүсілімнің тұңғыш баласы. Ұлының есімін Тәуекел деп әкесі қойған.

"Мен өзімді әкеме ұқсаймын деп айта алмаймын. Ата-анам менің бала кезімде ажырасып кетті. Анам әкеммен араласуға қарсы болған жоқ. Мен 9-сынып оқып жүргенімде әкемнің қасында үш ай болдым. Әкем көркем сөйлейтін, тілге шешен. Өнерді, поэзияны жаны сүйді. Маған үнемі жақсы оқы дейтін. Менің кей жерде тосылып, айтар ойымды жеткізе алмай қалатын жасық мінезім бар. Әкеме ұқсаймын деп айта алмаймын. Мүмкін әке тәрбиесін көріп өскенде басқаша болар ма едім. Мені көргендер "Сабырды ұлы, тектінің көзі" деп жатады. Әкемнің ұлы деген атқа лайық болсам деймін", - деді актер. 

Тәуекел Мүслімнің әкесі Сабыр Мүслімұлы Оңтүстік Қазақстан өңірінің тумасы. Жастайынан мұқтаждарға, жетім-жесірге қара халыққа көп көмек созған. Маңайына жастарды жинап, еңбек етуге, қылмысты жойып, жұмыссыздықпен күресуге біріктірген. 

Есімін жасырған режиссердің айтуынша, Сабыр Мүсілім 90-жылдағы қиын-қыстау кезеңдерде көптің қасынан табылды. Оларға демеу болды.

"Шымкент өңірінде кәрістер пияз ететін. Аш отырған халық пиязды ұрлай бастады. Кәсіпкерлер өнімін сата алмай тығырыққа тірелді. Сол кезде Сабыр Мүсілім жиын жасады. Кәсіпкерлердің басын қосып, бірлесіп жұмыс істуді ұсынды. Жігіттердің қарауыл етіп, ұры-қарының жолын кесті. Сол жылы 3 камаз пияз алды. Кәсіпкерлер бір Камазын, қарауыл жігіттер 1 Камазын алды. 1 Камаз пиязды жетім-жесірге таратып берді", - деді режиссер.

Журналист Қазыбек Иса Сабыр Мүсілімнің қара өңді, келісті жігіт болғанын айтты. 

"Шашы бұйра, қою қара, екі иығына екі кісі мінгендей денелі еді. Сол кездегі сәнге айналған қара плащ кигенде одан әрі зорайтып көрсететін", - дейді Қазыбек Иса. 

Сабыр Мүсілімнің әрекеті заңға қайшы болды. Полициямен тіл табыса алмады. 9 бап бойынша, айыпталғанымен ешбірі дәлелденбеген. Алайда көлігінн қолдан жасалған пышақ табылып, суық қару сақтады деп түрмеге жабылды. Темір торда ауруға шалдығып, бостандыққа шыққан соң Алматыда көз жұмды.

Талқылау