Жерге жақындап келеді: Қазақстандықтар мың жылда бір болатын кометалар ағынын қашан көре алады
Жерге үлкен кометалар жақындап келеді. Қазақстандықтар мың жылда бір болатын “ұлы кометаны” жақын арада көре алады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Комета Жерге жақындап келеді. Жақында планета тұрғындары оны көзбен көре алады. Ғалымдардың айтуынша, мұндай оқиғаны жіберіп алмау керек. Өйткені келесі жолы мұндай аспан денесі бізге ондаған мың жылдан кейін ғана келеді. Сондықтан мұндай кометаларды "ұлы" деп атаған.
Ғалымдар оны C/2023 A3 деп атады. Жер тұрғындары кометаны 27 қыркүйектен 2 қазанға дейін көре алады. Күн ұясынан шыққанға дейін анық тамашалауға болады. Комета бірінші күні өте анық көрінеді. Ол бір уақытта 20 жұлдыз сияқты жарқырайды деген болжам бар. Астрономдар комета жауынын телескоппен көруге кеңес береді.
Ал экваторға жақын елдердің тұрғындары оны 2 қазанға дейін тамашалай алады. “Ұлы комета” кейін күн сәулесінде жоғалып кетеді.
Алматы облысында туғанына 5 күн болған сәби көз жұмды: Туыстары дәрігерлерді нәрестені жерге құлатып алды деп айыптады
Толғағы жедел келген әйелді зембілмен емес мүгедектер арбасымен тасыған кезде сәби кенет дүниеге келген
"Ұятпен қорғалған қатыгездік": 10 жыл бұрын топтық зорлық құрбаны болған Жібек әділдікке қалай қол жеткізді
Сот төрт айыпталушыны кінәлі деп таныды