Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

4 маусым күні Жерде ең күшті магнит дауылы болады

Мамандар 4 маусымда ең күшті магнит дауылы болатынын болжады. Күн сәулесінде жоғары деңгейдегі жаңа алау пайда болған. Нәтижесінде Жерде солтүстік шұғыласы көрінеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Freepik.com

1 маусымда 23:30 шамасында Күндегі жоғары деңгейдегі алаулар Жерге плазма бұлттарын лақтырды. Мамыр айында Күнде бүкіл әлем бойынша 20 жылдағы ең қарқынды геомагнит дауылдары болған.

"Мамыр айының ортасында G5 деңгейіндегі геомагнит дауылдарды тудырған 3663 және 3664 Күн дақтары қайта пайда болды. Дегенмен олар күннің екінші жағында орналасқандықтан жаңа атаулармен аталады. Ескі 3663 аймақ қазір 3691 деп, ал ескі 3664 аймақ қазір 3697 деп аталады. Басында бұл аймақтар Марсқа әсер етсе, қазір Жерге тарап жатыр", – деп түсіндірді NOAA ғарыштық ауа райын болжау орталығының ғалымдары.

Ғалымдар келесі 12 күн ішінде осы екі аймақта тәждік массаның бөлінуіне әкелетін қатты алау пайда болуы мүмкін екенін болжап отыр. Дегеомагнит дауылының әсерінен 10 маусымда Жерде Солтүстік шұғыласы көрінеді.  



Күнде 3 күн ішінде 5 жоғары деңгейлі алау болған. Олардың ішіндегі Жер үшін ең қауіптісі 29 мамырда болды. 

"Алдыңғы дауыл кезінде Күн сәулесі бірнеше миллион шақырым қашықтықта Жердің жанынан өтті. Бұл жолы күн массалары Жерге тікелей түседі. Жарылыс орталығы Күн-Жер сызығына өте жақын. Ал плазмалық бұлт дәл планетаға бағытталған", – деп түсіндірді Ресей Федерациясының қолданбалы геофизика институтының ғалымдары.

Талқылау