Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Жер планетасындағы ең ұзақ жасайтын жұлдыздар": Баян Мақсатқызы "Кешью" тобын туған күнімен құттықтады

Танымал продюсер Баян Мақсатқызы шоу-бизнестегі алғашқы жобаларының бірі “Кешью” тобының жаңалығын бөлісті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/bayanmaxatkyzy/

Аталған топ – отандық эстрададағы қыздардан құралған алғашқы құрам. 

“Бүгін – “Кешью” тобының туған күні. 18 жасқа толып жатыр. Менің ойымша, Жер планетасындағы ең ұзақ жасайтын қыздар тобы. Қанша ән, хит, бейнебаяндар мен марапаттарды санау мүмкін емес. Қазір сахнамызда қанша жұлдыз жарқырап тұр?! Бұл мақтаныш! Сүйікті әндерімізді және сүйікті солистерімізді бірге еске алайық. Ендеше, топтың ең жарқын және танымал 18 әнін атауды ұсынамын. Ең көп лайк жинаған жауапқа сыйлық беремін. 
Алда Американы бағындыруға аттанамыз! Саяхат, жұлдызды матч және жаңа 536 құрам болмақ”, – деп жазды продюсер. 



Желі қолданушылары сүйікті тобында өнер көрсеткен әншілерді жіпке тізіп жатыр.  

”Мөлдір Әуелбекова мен Кәмшат Жолдыбаева болған құрам күшті екен”, “Айдана Меденова мен Жанар Дугалова – керемет әншілер”, “Кешью” – қазақ эстрадаcының тарихында қалатын топ”, “Қай қызды алсақ та, бәрі әдемі, киген киімдері де өздеріне жарасымды, талантты қыздар. Өлеңдері де қазақша. Артық қимылдары жоқ, ең бастысы арттарынан сөз еріп жүрген жоқ”, – деп жазып жатыр тыңдарман қауым. 

Еске салайық, продюсер жақында 50 жасқа толған туған күніне орай, Queen show мюзиклін өткізді. 

Талқылау