Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Жеңуім керек, болмаса өлуім керек": Жақсылық Үшкемпіров алғашқы алтынын қалай алғаны туралы 

Қазақтан шыққан тұңғыш олимпиада чемпионы, Әлем кубогының иегері, Қазақстанның еңбек ері Жақсылық Үшкемпіров алғашқы алтынды қанжығасына байлағанда қандай ойда болғанын атып берді. Бұл туралы Stan.kz  ақпарат агенттігі "Дара жол" бағдарламасына сілтеп хабарлайды.

 

Бағдарлама жүргізушісі Дана Нұржігіт: "Олимпиададағы сол жеңістен кейін киім ауыстыратын бөлмеге келіп жатып қалдыңыз. Дәл сол кезде есікке төніп келген, жанкүйерлеріңіз, жаттықтырушыларыңыз қолпаштап, құшақтап жатқан кезде сынған аяғыңызбен әлек болып жатыр екенсіз. Сол ғана болды ма ойыңызда, мен олимпиада чемпионы болдым-ау деген ой болды ма сізде" - деп сұрағанда: "Қуанышта шек жоқ. Менің бірінші ойлағаным отаныма алтын медальмен қайтамын деген ой болды. Неге десеңіз, қазақ елінің атынан шығып, сондай атаққа жету болған емес еді. Елімінің жеткен жеңісі деп бірініші соны ойладым. Ауылға ұялмай, елдің алдында жүзім жарық болып баратын болдым деген ой болды. Бірінші кездескен палуан екі дүркін әлем чемпионы, үш дүркін еуропаның чемпионы румындық Александр болды. Жеңілсем ауылға қай бетіммен барам деп қорықтым. Сонда кілемге шыққанда: "жеңуім керек, болмаса осы кілемде өлуім керек" деген өзіме серт қойдым. 9:4 есебімен жеңіп шыққан кезде бірінші хатшы Қуаныш Сұлтанның айтқанын әлі білемін: «Жақсылық, Байкен Әшімович келеді. Өз өзіңді ретке келтір, дұрыста», - деді. Менің тобығым шығып кетіп, үш-төрт дәрі салып, байлап қойған. Бір уақытта күткен кісім келді. 


Жақсылық Үшкемпіров өз қаражатына бала-бақша мен жатақхана ашты

"Жақсылық, айналайн, үлкен кісі сәлем атып жатыр. Серік екеуің алтын алуларың керек. Бізде әлі олимпиада чемпионы жоқ. Қалай өзің, ала аласың ба?" - деп сұрап жатты. Сонда мен: "бірінші ең қиын кездесу өтті. Менің жасым отызға келіп қалды. Осы ең ақырығы олимпиадам шығар. Сондықтан осы жолы жеңемін, болмаса еліме атыңыздар мен осы кілемде қаламын. Мен өлем" - дедім.

Содан "сабыр, сабыр" деп жұбатты. Жақсылық, не берейік, не қалайсың деп сұрап қалды.  Сонда ойнап: "жарайды шынымен беретін болсаңыздар мен айтайын не қалайтынымды" деп едім жанымда тұрған кісілердің бәрі қипақтап қалды. Сонда маған бір кесе қымыз болса дедім. Бәрі "қымыз болса, мінекей" деп күліп жіберді", - деп сөзін аяқтады Жақсылық Үшкемпіров.  

Талқылау